Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинағының көлемі – 24,40 трлн теңге, 12 айдағы өсімі – 19,8%. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) жөніндегі зейнетақы жинағы – 726,94 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 15,6%. Бір жыл ішіндегі ең үлкен өсімді 32,8% ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) жөніндегі жинақ көрсетті, олардың көлемі – 9,47 млрд теңге.
Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 596,18 млрд теңге болды. Зейнетақы жинағының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағыны есебінен ұлғаяды.
Биылғы 9 айда салымшылардың шоттарына 2,37 трлн теңге мөлшерінде зейнетақы жарнасы түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 17,8%-ға немесе 56,75 млрд теңгеге артық.
МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына жыл басынан бастап 1 қазанға дейін 1 937,66 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 9,97%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 100,69 млрд теңге (өсім – 19,1%), ЕЗЖ 1,82 млрд теңге түсті.
9 айда БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түріне қатысты жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 1 368,27 млрд теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдер көлемінен 1,6 есе немесе 508,31 млрд теңгеге көп. Төлемдердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) еншісінде – 823,82 млрд теңге. Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 12 айда 23,43% ұлғайып, 181,81 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кестемен берілетін орташа айлық төлем – 35 691 теңге.
Жыл басынан бері мұрагерлікке қатысты – 50,49 млрд теңге, елімізден тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты – 32,60 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 2,33 млрд теңге, жерлеуге 8,03 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 269,19 млрд теңге аударылды.