Аймақтар • Бүгін, 15:50

Екібастұзда тірі мысықты постаматқа қамап кеткендер халықтың ашуын туғызды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екібастұзда белгісіз біреулер тірі мысықты Kaspi постаматының ұяшығына жауып кеткен. Аталған оқиғаның видеосы Instagram әлеуметтік желісіндегі pomogi_bezdomnym_zhivotnym парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екібастұзда тірі мысықты постаматқа қамап кеткендер халықтың ашуын туғызды

Жануарды еріктілер байқап қалған. Олар дереу Kaspi.kz компаниясына хабарласып, құтқару жұмыстарын ұйымдастырған.

«Kaspi қызметкерлері дереу әрекет етіп, мысықты босатты. Оларға үлкен рақмет. Реакциялары өте жедел болды», — делінген жазбада.

Жануарды қорғаушылар бұл оқиғаға қатты алаңдаушылық білдіріп, мұндай әрекеттердің жиілеп бара жатқанын атап өтті.

«Бұл — қорап та емес, зат та емес. Бұл – тірі жаратылыс, ол тыныстайды, қорқады, не болып жатқанын түсінбейді. Мұндай әрекет — қатыгездік әрі қауіпті. Бұл қайғылы жағдайға ұласуы мүмкін», — дейді еріктілер.

Олар тұрғындарға жануарларға мейіріммен қарауға және жауапкершілікті сезінуге шақырды.

Екібастұздағы жануар қорғаушылары бұл оқиға бойынша бейнебақылау жазбаларын тексеруді және кінәлі тұлғаларды анықтауды сұрады.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, жануарға қатыгездік көрсету ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабына (жануарларға қатыгездік жасау) сәйкес жазаланады.

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше