Қоғам • 09 Қараша, 2025

Ақтау мектептерінде қантөгіс болады: желіде тараған ақпарат тексеріліп жатыр

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында тұрғындардың WhatsApp чаттарында білім беру мекемелеріне жасалатын шабуыл туралы қорқыту сөздер жазылған хабарламалар таратылуда, деп жазады Egemen.kz.

Ақтау мектептерінде қантөгіс болады: желіде тараған ақпарат тексеріліп жатыр

Полиция департаменті бұл хабарламалардың таралу көзін анықтап, әлеуметтік желілердегі ақпарат бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

- Құрметті тұрғындар! Мессенджерлерде мектептерде террористік актілер жоспарланып жатыр деген жалған ақпарат тарауда. Азаматтардан осындай тексерілмеген хабарламаларға сенбеуді және оларды таратпауын сұраймыз. Қазіргі уақытта полиция тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Жағдай толығымен бақылауда, - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, полиция департаменті террористік актілер туралы жалған хабар тарату үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске салып, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.