Әлем • Бүгін, 08:32

Словакияда екі пойыз соқтығысып, ондаған адам зардап шекті

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Словакия астанасы Братиславадан шамамен 20 шақырым қашықтықта екі пойыз соқтығысып қалған. Алдын ала мәлімет бойынша, апаттан ондаған адам жарақат алған,  қаза тапқандар жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Словакияда екі пойыз соқтығысып, ондаған адам зардап шекті

Фото: Domov.sme.sk

Елдің ішкі істер министрі Матуш Шутай-Эшток оқиға орнына барып, зардап шеккендерге көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, 11 адам ауруханаға жеткізілген.  

Пойыздарда шамамен 800 жолаушы болған. Қауіпсіздік мақсатында Братислава маңындағы маңызды теміржол желісінде қозғалыс уақытша тоқтатылды.

Полицияның алдын ала тергеу нәтижелері бойынша, пойыздар бетпе-бет соқтығыспаған және ешбір вагон рельстен шықпаған. Апаттың нақты себебі анықталып жатыр.

Reuters агенттігінің мәліметінше, бұл Словакияда соңғы бір айдың ішінде тіркелген екінші теміржол апаты. 13 қазанда елдің шығысында болған апаттан 91 адам жарақат алған болатын.