Digital • Бүгін, 15:40

App Store-де көшбасшы: қазақ жігіттері жасап шыққан ағылшын тілін үйрету қосымшасы әлемді дүр сілкінтті

60 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

21 жастағы Асылжан Алтай және оның достары ағылшын тілін жылдам меңгеруге арналған Aleem қосымшасын даярлап шықты. Қазір бұл қосымшаның алдына App Store-да ешкім түсіп тұрған жоқ. Шет тілін шебер үйрететін Duolingo-ны да Асылжанның қосымшасы басып озды, деп жазады Egemen.kz.

App Store-де көшбасшы: қазақ жігіттері жасап шыққан ағылшын тілін үйрету қосымшасы әлемді дүр сілкінтті

Асылжан Шымкент қаласының тумасы. Қазір АҚШ-та оқиды. Ағылшын тілін жас кезінен үйрене бастаған. 12 жыл ереже жаттап, сөздік ақтарған ол Стэнфорд университетінде сайрай жөнелемін деп ойлаған. Алайда жағдай студенттің жоспарындай болмай шықты.

«Сол сәтте бір ой санама сарт ете қалды. Бұған дейінгі әрекетім білім алу емес, білім алудың ишарасы ғана екен. Адам тілді үйренбейді, игереді екен. Сондықтан мен тіл үйрететін арнаулы платформа жасау керектігін ұқтым», дейді Асылжан Алтай.

Әзірге қолданба тек iOS-та қолжетімді, андройд үшін енді бейімделіп жатыр. Жұмыс жүйесі жасанды интелектіге негізделген. Чат-бот арқылы тіл үйренуші сауал жолдап, қосымшаның өзінен тапсырма алып тұрады. Фелеш-карталар да жоқ емес. Күніне 40 минут сабақ оқиды. Сабақ ойын форматында өтетіндіктен, еш жалықтырмайды. Әр сабақ келесі ойын кезеңі секілді өтіледі. Қосымша тіл үйренушінің әр ілгірлеуін бақылап отырады.

«Біз бұл жобаны ешқандай инвестициясыз жасап шықтық. Мыңдаған сағатымызды сарп еттік. Еңбегіміз ақталып 15 млрд доллар тұратын Duolingo қосымшасын жүктелім жағынан артта қалдырдық. Бұл тұрғыда түркі мемлекеттерінде қолданыс көп. Қазір қосымшамыз көрші қырғыз, өзбек, тәжік елдерінде, сонымен қатар Ресей, Украина, Белорусь елдерінде кең көлемде қолданылып жатыр», дейді жоба авторлары.

Жарияланған алғашқы тәулікте-ақ Aleem-ді 40 000-нан астам адам жүктеп алған, ал бір күннен кейін аудитория 50 000-ға жеткен. Қосымша мұндай жүктемені көтере алмай, жобагерлер  серверді жедел түрде күшейтуге мәжбүр болған.

«Біз мұндай ықыласты күтпеген едік. Бұл тек App Store рейтингіндегі көрсеткіш емес. Бұл еліміздің әлемдік деңгейдегі өнімдер жасай алатын әлеуетінің дәлелі», дейді әзірлеушілер.