Қаржы • 10 Қараша, 2025

Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде қанша табыс тапты

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның үздік теннисшісі (әлемнің бесінші ракеткасы) Елена Рыбакина 2025 жылғы әйелдер теннисіндегі маусымның басты жарысы – WTA қорытынды турнирінің жеңімпазы атанды. Турнир Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz сайты Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде қанша табыс тапты

фото: ҚТФ баспасөз қызметі

Елена Рыбакина бес матчтың бәрінде жеңіске жетіп, әйелдер теннисі тарихындағы ең ірі жүлде қорының иегері болды. Жүлденің жалпы сомасы 5 миллион 235 мың АҚШ доллары, бұл шамамен 3 миллиард теңгеге тең.

«Иә, бұл шынында да өте үлкен сома. Шынымды айтсам, әзірге бұл туралы көп ойланғаным жоқ. Әрине, бұл қуанышты сәт. Команда және отбасыммен бірге бұл жеңісті жақсы атап өтеміз деп ойлаймын», деді Рыбакина жеңістен кейінгі баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, финалда қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь елінің өкілі Арина Соболенконы тізе бүктірді.

Бұл жеңіс Елена Рыбакина үшін карьерасындағы ең ірі екінші атақ болды. Ол бұған дейін 2022 жылы Уимблдон турнирінде топ жарған еді.

Сонымен қатар Рыбакина Азия елдерінің ішінен WTA қорытынды турнирін жеңген тұңғыш теннисші атанды. Оның тарихи жетістігі үшін Қазақстан Президенті спортшыны құттықтап, «Барыс» орденінің III дәрежесімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.

Соңғы жаңалықтар

Бүгін – Ұлттық ұлан күні

Әскер • Бүгін, 10:43

Жасанды интеллект құрылысқа жат емес

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:55

Әскер беделі – ел беделі

Әскер • Бүгін, 09:45

Қайырымды азаматтардың демеуі

Аймақтар • Бүгін, 09:40

Егінді «AgroSky» бақылайды

Технология • Бүгін, 09:35

Сингулярлық кезең

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

ЖИ-ді қолдану қауіпсіз бе?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:20

«Шыны мақтадан» табыс тапқан

Өндіріс • Бүгін, 09:15