Мәдениет • Бүгін, 17:08

61-ші Венеция биенналесіне қатысуы үшін кураторларға байқау жарияланды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат министрлігі 2026 жылғы қазіргі заманғы өнердің 61-ші Венеция биенналесіне арналған Қазақстанның Ұлттық павильонын дайындау және ұсыну мақсатында кураторлық өтінімдер қабылдауды бастады. Байқау елдің өнерін халықаралық аренада таныстыруға және тұжырымдамалық әрі көркемдік тұрғыдан біртұтас жоба жасауға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

61-ші Венеция биенналесіне қатысуы үшін кураторларға байқау жарияланды

Фото: Ашық дереккөз

Сонымен қатар, конкурс зерттеу бастамаларын қолдау, пәнаралық әдістерді дамыту және жергілікті қауымдастықтармен ынтымақтастықты арттыру мақсатында ұйымдастырылған.

«Қатысуға кемінде бес жылдық кураторлық тәжірибесі бар Қазақстан Республикасының азаматтары – жеке кураторлар мен кураторлық топтар шақырылады. Басымдық Қазақстанда тұратын және жұмыс істейтін үміткерлерге беріледі», делінген хабарламада.

Ұлттық павильон көрме бағыты «Музей милясы» бойында орналасады. Алаңы шамамен 250 шаршы метрді құрайды және арт-объектілерді көрсетуге арналған ішкі ауласы бар.

Өтінімдер 2025 жылғы 9 желтоқсанға дейін электрондық пошта арқылы қабылданады: info@kazakhstanpavilion.kz. Байқау нәтижесі 2026 жылғы 5 қаңтарда министрліктің ресми сайтында жарияланады.

Конкурс шарттары мен толық құжаттар министрліктің ресми сайтында «Құжаттар» бөлімінде жарияланған. Сараптамалық қазылар алқасының құрамы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 күн ішінде жарияланатын болады.