Спорт • Кеше

Жарыс күнделігі

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәнерлеп сырғанаудан Осакада ұйымдастырылған Гран-при кезеңінде Софья Самоделкина табысты өнер көрсетті. Қос жаттығудың қорытындысында 200 ұпай жиған ол күміс медальды мойнында жар­қы­ратты. Жерлесіміз тек жапониялық Каори Сакамотодан (227,18 ұпай) қа­лып қойды. Қола медаль бельгиялық Луна Хендрикске (198,97 ұпай) бұйырды.

Жарыс күнделігі

Сурет: gov.kz

  • Аустрияның Хинтертукс қаласында фристайл-могулдан өткен «FIS Moguls Alps Tour» деп аталатын дәстүрлі турнирде еліміздің құрамасы алты жүлде олжалады. Юлия Галышева, Павел Колмаков, Анастасия Городко, Фёдор Бугаков алтын алса, Юлия Фиклистова мен Анастасия Городко күміспен күптелді.
  • Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан УЕФА Чемпион­дар лигасының жеребесі тартылды. Плей-оффтың 1/8 сайысында Алматының «Қайраты» Бельгияның «Спортинг-Андерлехт» клубына қарсы ойнаса, «Семей» Польшаның «Пяст Гливицемен» күш сынасады. Алғаш­қы матчтар 24 қарашада өтсе, қарымта кездесулер 5 желтоқсанда ұйымдастырылады. Осы межеден сүрінбеген сегіз команда келесі жылы ширек финалда (23 ақпан, 6 наурыз) өзара шеберлік байқасады. Одан кейін Италияның Пезаро қаласында жартылай финал мен финалдық сайыстар (8, 10 мамыр) өтеді.