Фото: Ашық дереккөз
«Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлауынша, Бағыт бойынша жолаушыларға жайлылығы жоғары «Тальго» пойыздары қызмет көрсетеді. Билет бағасы: отыратын орын – 10 167 теңге, купе – 20 711 теңге, люкс – 30 772 теңге.
«Күнделікті қатынау кестесі жолаушыларға сапарларын ыңғайлы жоспарлауға мүмкіндік береді. Жаңа кесте Алматы мен Ташкент арасындағы көлік қатынасын нығайтып, туристік ағынды дамытуға және екі ел арасындағы мәдени, іскерлік байланыстарды күшейтуге бағытталған», делінген хабарламада.
Алдағы қысқы маусымға байланысты кейбір бағыттарда пойыз қозғалысы кестесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін. Қозғалыс туралы толық ақпаратты онлайн-кестеден қарауға болады.