Руханият • Бүгін, 11:10

Ғалым Доскен дүниеден озды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі қаламгер және қоғам қайраткері Ғалым Доскен өмірден өтті, деп жазады Egemen.kz.

Ғалым Доскен дүниеден озды

Ғалым Төлембекұлы қазақ руханиятының дамуына ұзақ жыл қызмет еткен тұлға. Ол «Ұлан» газетінде басшылық жасап, жас қаламгерлердің кәсіби қалыптасуына үлес қосты. Кейін «Қазақстан» телерадиокорпорациясын басқарды. Осы кезеңде ұлттық медианың бағыт-бағдарына әсер еткен бірқатар жобаны іске асырды.

«Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» мен «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» атты антологиялық жинақтарды дайындады. Бұл жобалар арқылы дәстүрлі музыка мұрасының ауқымды бөлігін жинақтап ұсынды.

Режиссер және сценарист ретінде «Киелі жерлер» және «Жоғалған жарық хроникасы» атты деректі фильмдерді түсірді. Бұл туындыларда тарихи және рухани мазмұн кеңінен көрсетілді.

Марқұмның отбасына Мәдениет және ақпарат министрлігі көңіл айту хатын жолдады.

«Өмірін сөз өнері мен ұлт мәдениетіне арнаған Ғалым Төлембекұлының жарқын бейнесі мен ұлттық мәдениетімізге сіңірген еңбегі халық жадында сақталады деп сенеміз. Ұлтына адал қызмет еткен азаматтың жаны жәннатта, иманы саламат болғай!», делінген хабарламада