Фото: pinterest.com
Вице-министр контрафактілік өнімдердің айналымына жол бермеу үшін 2024 жылдың шілдесінен бастап дәрілік заттарды таңбалау, қадағалау жүйесі енгізілгенін айта келе:
«Таңбалау жүргізу барысында бөлшек дәріханаларда тегін дәрілік препараттарды сату фактілері анықталды. Анықталған деректер бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Бас прокуратурамен бірлесіп жоспардан тыс тексерулерді бастады. Бұл талаптарды бұзған субъектілерге қатысты қатаң шаралар қабылданады», деді.
Министрлік бүгінде дәрілік заттар нарығының барлық қатысушысы таңбалау жүйесіне қосылғанын және бұл бақылау, реттеу тиімділігін көтеруге мүмкіндік беріп отырғанын айтады. Сондай-ақ қолға алынған шаралар салық түсімдерінің өсуіне оң әсер еткен. 2025 жылы фармацевтикалық сектордан түскен салықтар 24%-ға өсіп, бюджетке қосымша 24 млрд теңге түскен.
Денсаулық сақтау министрлігі алдағы уақытта биологиялық белсенді қоспаларды да таңбалау жүйесін енгізіп, желтоқсан айында медициналық бұйымдарға арналған қанатқақты жобаны бастауды жоспарлап отыр.
Бұған дейін Тимур Мұратов амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге арналған бюджет қаржыландыруының 2020 жылдан 2025 жылға дейін 48%-ға өсіп, 115 млрд теңгеден 262 млрд теңгеге дейін артқанын мәлімдеген болатын.