Фото: Ашық дереккөз
«Өкінішке қарай, Қазақстан бұл тенденциядан шет қалған жоқ. Егер 2017 жылмен салыстырсақ, биыл вакцина егуден бас тартқандар саны 3,8 есе артты», деді ол.
Ресми дерекке сәйкес, 2017 жылы шамамен 5,3 мың адам вакцина салдырудан бас тартқан болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 20 мыңға жеткен. Бұл мәліметтер барлық түрдегі екпелерге қатысты.
Айта кетейік, тұмауға қарсы вакцина алудан бас тарту жағдайлары «тәуекел топтары» арасында тіркелмеген. Министрліктің мәліметінше, тегін медициналық көмек аясында тұмауға қарсы 2,1 миллион доза вакцина сатып алынған.