АҚТӨБЕ. 24 маусым. Ақтөбе қалалық әкімдігінде бір топ жас мемлекеттік қызметкердің ант қабылдау рәсімі болып өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Бүгін ант қабылдаған жас мамандардың барлығы мемлекеттік қызметке қолданыстағы заңнамаға сәйкес конкурстық негізде қабылданды. Олар жүргізілген әңгімелесу нәтижесі бойынша конкурстық комиссияның оң шешімін алған қызметкерлер, – дейді қала әкімі аппараты персоналды басқару бірыңғай қызметінің басшысы Салтанат Баекенова.
Ант қабылдаушылардың арасында 2010 жылы экономист-бухгалтер мамандығы бойынша диплом алған Әйгерім Бисембина да бар. Ол енді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы. Әйгерім Бейсембинамен қатар, қалалық ішкі саясат және сәулет, қала құрылысы бөлімдері мен Благодар ауылдық округі әкімі аппаратының бас мамандары да ант қабылдады.
Шара барысында қала әкімі аппаратының басшысы Жолдас Оразаев жас мемлекеттік қызметкерлерді құттықтап, оларға еңбектерінде кәсіби біліктілік пен табыстар тіледі.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: aktobegazeti.kz.

14 мамырда бірқатар өңірлерде ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Депутат: Солтүстік Аралды сақтау жобасын жеделдету қажет
Экология • Кеше
Ағза алмастыруға мұқтаждар саны артқан
Қоғам • Кеше
Шахмат • Кеше
Мемлекет басшысы Түркия Президентін қарсы алды
Президент • Кеше
Қазақстанда инфляция қарқыны баяулады
Инфляция • Кеше
Теңгенің нығаюына қандай факторлар әсер етті?
Қаржы • Кеше
Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Қазақстан • Кеше
Ясауи іліміндегі рухани еркіндік
Таным • Кеше