Салық • Бүгін, 16:44

Еліміздің қай өңірлерінде жеңілдетілген салық мөлшерлемесі төмендетілді?

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мәслихаттарды салық мөлшерлемелері бойынша шешім қабылдауды жеделдетуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің қай өңірлерінде жеңілдетілген салық мөлшерлемесі төмендетілді?

Палата мәліметінше, бірнеше өңірде арнайы салық режимі (АСР) аясында жұмыс істейтін бизнес үшін жеңілдетілген декларация негізіндегі салық мөлшерлемелері төмендетілді.

Салық мөлшерлемесі төмендетілген өңірлер:

  • Ақмола облысы – барлық аудандарда 2%, тек Жақсы ауданынан басқа;

  • Атырау облысы – Атырау, Махамбет және Жылыой аудандарында 2%;

  • Шығыс Қазақстан облысы – Өскемен қаласында 2%;

  • Солтүстік Қазақстан облысы – Аққайың ауданында 3%.

Жаңа арнайы салық режимі бойынша базалық мөлшерлеме 4% деңгейінде белгіленеді. Ал 2 және 3% жеңілдетілген мөлшерлемелерді өңірлер мәслихаттарының шешімімен шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында енгізуге мүмкіндік берілген.

«Жаңа арнайы салық режимі бойынша салық мөлшерлемелерін 1 желтоқсанға дейін бекіту қажет. Бұл бизнеске өз қызметін жоспарлап, 2026 жылдан бастап жаңа шарттарға көшуге жеткілікті уақыт береді, өйткені осы күннен бастап бұрынғы арнайы режимдер күшін жояды», деп мәлімдеді «Атамекен» палатасы.

Еске сала кетсек, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бөлшек сауда салығы режимі алынып тасталып, оның орнына жеңілдетілген декларация негізіндегі жаңартылған арнайы салық режимі енгізіледі.

Сонымен қатар, Алматы әкімдігі шағын және орта бизнес үшін салық мөлшерлемесін 3%-ға, ал Астанада — 2%-ға дейін төмендетуді ұсынды.