Білім • Кеше

Ақтаулық ұстаздар Жапонияда өткен конференцияға қатысты

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияның Хиросима қаласында  өткен The World Association of Lesson Studies (WALS 2025) халықаралық конференциясына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтаулық ұстаздар Жапонияда өткен конференцияға қатысты

Халықаралық форумға Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бірнеше мұғалімі шақырту алса, зерттеу жұмыстарын мен постерлерін халықаралық аудитория алдында 8 мұғалім барып таныстырды.

Атап айтқанда қазақ тілі пәні мұғалімдері Ару Қорғанбаева мен Ақгүл Сарманова, тарих пәні мұғалімі Марзия Жеткізгенова, химия пәні мұғалімі  Салават Ерболат, информатика пәні мұғалімі Женіс Пірнепесов,  физика пәні мұғалімі Өмірсерік Қалдыбаев, педагог-психолог Тілектес Масқарова,  биология Гульжан Нусипжанова.

Бұл — NIS Ақтау мектебінің зерттеушілік мәдениетінің әлемдік деңгейде мойындалуының дәлелі.

«WALS — әлем мұғалімдері бір-бірінен үйренетін, тәжірибе мен идея тоғысатын ірі алаң. Мұнда түрлі елдердегі Lesson Study тәжірибесін салыстырып, өз жұмысымызға жаңа көзқарас аламыз. Бұл — кәсіби дамудың бағалы мүмкіндігі» деді қатысушы Гүлжан Нүсіпжанова.

  Маңғыстау облысы