Оқиға • Бүгін, 17:54

«Ата-анам қайтыс болды»: Жалған қайғыны желеу еткен қызметкердің айласы әшкере болды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада бір компания қызметкері әріптестерінің ақшасын алдап алмақ болған, деп жазады Egemen.kz

«Ата-анам қайтыс болды»: Жалған қайғыны желеу еткен қызметкердің айласы әшкере болды

Фото: police_astana, инстаграм

Ер адам жұмысынан уақытша кету үшін әкесінің қайтыс болғанын айтып өтініш жасаған. Басшылық оған демалыс беріп қана қоймай, ақша жинауға да бастамашылық жасаған. Бір аптадан кейін ол анасының да қайтыс болғанын хабарлап, қосымша материалдық көмек алуды көздеген, бірақ оны жеке қажеттіліктеріне жұмсауды жоспарлаған.

Алайда әріптестері тексермек болып, оның анасымен байланысқан. Анықталғандай, анасы тірі және денсаулығы жақсы болып шыққан. Сөйтіп, алдау фактісі әшкереленіп, қызметкерлер полицияға жүгінген.

«20-дан астам әріптесі күдіктінің есеп-шотына әртүрлі сомаларда ақша аударып, жанашырлық танытып, көмек көрсетуді қалаған. «Алаяқтық» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады Астана қаласының полиция департаменті.