Жұмыс • Кеше

Тұрақты жұмыспен қамтылды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл жыл басынан бері 10 айда 25,5 мың мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды. Елімізде ерекше қажеттіліктері бар 111 мың адам тұрақты еңбек етеді. Жұмыс істей алатын мүгедектігі бар адамдардың 30%ы «екі қолға бір күрек» тауып отыр.

Тұрақты жұмыспен қамтылды

Статистикалық дерекке сүйенсек, елімізде мүгедектігі бар 743,9 мың адам тұрады, яғни халықтың 3,7%-ы. Олардың ішінде 375,2 мың азамат еңбекке қабілетті жаста. Әлеуметтік кодекске сәйкес жергілікті атқа­рушы органдар мүгедектігі бар адамдарды ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарына жібермейді. Керісінше, жұмысшылардың жалпы санының (жалдамалы жұмыскерлердің жалпы саны кемінде 50 адам болған кезде) 2-4%-ына дейінгі көлемде жұмыс орындарына квота белгілейді. Биылғы үшінші тоқсанда квота бөлу арқылы мүгедектігі бар 7,1 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Ерекше қажеттіліктері бар адамдар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына да қатысады. Биылғы 1 қарашаға дейін тұрақты жұмысқа – 4,8 мың, жастар практикасына – 538, әлеуметтік жұмыс орындарына – 538, қоғамдық жұмыстарға – 5,7 мың, «Күміс жас» жобасымен – 758, «Алғашқы жұмыс орнына» – 120, «Ұрпақтар келісімшарты» аясында 9 адам жұмысқа орналастырылды.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқы­тумен 277 адам білімін шыңдаса, «Бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін 4,5 мың мүгедектігі бар азамат меңгерген. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға өз бизнесін ашуға 400 АЕК-ке дейінгі (1,6 млн теңге) мөлшерінде мемлекеттік гранттар беріледі. Жеке кәсібін ашамын деген 1,4 мың мүгедектігі бар адам осындай қолдауға ие болды.

2018 жылдан бастап халық­аралық тәжірибе негізінде мүгедектігі бар адамдарды жұ­мысқа орналастыру мақсатында арнайы жұмыс орнын ашудың шығындарын субсидиялау тәртібі енгізілді. Биыл осындай 87 арнайы жұмыс орны құрылды.

Соңғы жаңалықтар

СҚО-да қазақ тілді балабақша тапшы

Аймақтар • 14 Қараша, 2025

Астанада ет жәрмеңесі өтеді

Елорда • 14 Қараша, 2025