АСТАНА. 24 маусым. Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың өкімімен Қармақшы ауданының әкімі Нәжмәдин Шамұратов қызметінен босатылып, Қазалы ауданының әкімі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазалы ауданының тізгінін ұстаған жаңа әкім бұған дейін Қармақшы ауданының басшылық қызметін атқарған.
Шамұратов Нәжмәдин Шәкизадаұлы 1963 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында дүниеге келген. 1986 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын - инженер-гидротехник, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін - заңгер, Алматы қаласындағы «Қайнар» университетін - экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1980 жылы Қазалы ауданындағы № 64 жылжымалы механикаландырылған колоннада жұмысшы ретінде бастаған. 2002-2005 жылдары Қазалы ауданы әкімінің орынбасары, Қазалы ауданының әкімі, 2005-2011 жылдары облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасын, облыстық құрылыс басқармасын және облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасын басқарған. 2011-2013 жылдары Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің директоры, облыстық құрылыс басқармасының басшысы лауазымдарында қызмет атқарған. 2013 жылдан осы кезге дейін Қармақшы ауданының әкімі қызметін абройлы атқарып келді.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

14 мамырда бірқатар өңірлерде ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Депутат: Солтүстік Аралды сақтау жобасын жеделдету қажет
Экология • Кеше
Ағза алмастыруға мұқтаждар саны артқан
Қоғам • Кеше
Шахмат • Кеше
Мемлекет басшысы Түркия Президентін қарсы алды
Президент • Кеше
Қазақстанда инфляция қарқыны баяулады
Инфляция • Кеше
Теңгенің нығаюына қандай факторлар әсер етті?
Қаржы • Кеше
Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Қазақстан • Кеше
Ясауи іліміндегі рухани еркіндік
Таным • Кеше