Қоғам • Бүгін, 16:53

Қарағандыда 17-қабаттан секірмек болған қыз құтқарылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыда төтенше жағдайлар қызметі мен полиция бірігіп, 17-қабат терезесінен секірмек болған бойжеткеннің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда 17-қабаттан секірмек болған қыз құтқарылды

Оқиға Республика даңғылындағы көпқабатты үйде болған. 2006 жылы туған қыз пәтердің 17-қабатындағы терезе алдындағы ернеуде тұрған.

Хабарлама түсе сала ТЖМ мамандары шұғыл түрде үйдің төбесіне көтерілген.

Құтқарушылар альпинистік құрал-жабдық арқылы терезеге сыртынан түскен, кейін қызды ішке қарай қауіпсіз түрде тартып алып, оқиғаның алдын алды.

Қыз дереу жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Қазір оның жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

Полиция өкілдері қыздың не себепті мұндай әрекетке барғаны анықталып жатқанын мәлімдеді.

Оқиға бойынша барлық қажетті шара жүргізіліп жатыр.