Мессенджердің негізін қалаушылардың бірі Павел Дуровтың мәліметінше, алғашқы тестілік аукцион Telegram Plane эксклюзивті сыйлығымен өтті. Енді компания танымал тұлғалардың сыйлықтарымен түрлі аукцион ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Алғашқы аукцион 15 қарашада басталды және ол 50 раундқа созылады. Әр раундта бірінші орынды алған 20 қатысушы Telegram Plane сыйлығынан 20 данадан алады. Алғашқы раунд бір сағатқа созылды, ал қалған 49 раундтың әрқайсысы бес минуттан өтеді.
Сонымен қатар Telegram-ның Android үшін 12.2.1 нұсқасында жеке профильдерден стрим жүргізу мүмкіндігі пайда болды. Трансляциялар "сторис" форматына ұқсас, көрермендер "жұлдыз" түрінде бағаланатын пікір қалдыра алады. Сондай-ақ стримді басқа қосымшадан да жүргізу мүмкін, ол үшін сервер сілтемесі мен трансляция кілтін енгізу жеткілікті.