Пікір • Бүгін, 09:05

Ғылым-білім саласындағы әріптестік

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Өзбекстан елдері білім мен ғылым саласындағы бірлескен жұмыс келешегін, жастар арасында қарым-қатынас орнату мәселелерін назардан тыс қалдырған емес. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысында бұл бағыттағы айтарлықтай ілгерілеудің жарқын үлгісі ретінде былтыр екі елдің жоғары оқу орындарының филиалдары ашылғанын атап өтті.

Ғылым-білім саласындағы әріптестік

Сурет: ru.wikipedia.org

Филиалдардың ашылуы Қазақ­стан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Прези­денті Шавкат Мирзиёевтің диплома­тиялық институттың құрылғанына 30 жыл толуына орай кездесуінің қорытындысы бойынша жасал­ған келісім негізінде жүзеге асырылды. Қос мемлекет арасын­дағы қарым-қатынастар мемлекет басшыларының келіссөздері­нің нәтижесінде «Жол картасы» әзірленді. Екі елдің ведомстволық министрліктері деңгейінде Шыршық қаласында филиал ашу туралы үшжақты келісімге қол қойылған еді. Осылайша, Өзбекстанның Шыршық қаласында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің филиалы ашылды. Ал Алматыда Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтының филиалы жұмысын бастады.

Жоғары оқу орны филиалдары­ның ашылуы екі елдің ғылым-білім саласындағы ынтымақтастығын арттырады. Бұл стратегиялық идея­ның жүзеге асуына Оңтүстік Қазақ­стан зерт­­теу университеті ректоры қыз­ме­тін атқарып жүрген кезде ерекше үлес қостым. Өзбекстанға іссапар­мен бір­неше рет барып, филиал ашу мәсе­ле­сін көтеріп, келіссөздер жүргіздік. Шыр­­шық – Өзбекстанның өнеркә­сібі да­мыған, қазақтар көп шоғыр­ла­н­ған қа­ласының бірі. Бұл өңірде хи­мия өнер­кәсібі, машина жасау, ме­талл өңдеу сияқты сала қарқын­ды дамыған. Алдағы уақытта филиал өкіл­діктерін Өзбекстанның Қашқа­дария және Сырдария аудандарында ашуды көздеп отырмыз.

 

Дария ҚОЖАМЖАРОВА,

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Өзбекстан Республикасы

Шыршық қаласындағы филиалының директоры