Фото: Ашық дереккөз
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, үш адамның жағдайлары ауыр, бірақ тұрақты. Қазіргі таңда барлығы реанимация бөлімінде жатыр.
«Науқастарға интенсивті терапияның толық кешені жүргізіліп жатыр, олардың жағдайы салалық мамандардың толық бақылауында», делінген хабарламада.
Сонымен қатар облыстық денсаулық сақтау мекемелерінен қосымша мамандар тартылып, қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, жедел медицина желісі бойынша күшейтілген жұмыс тәртібі енгізілгені хабарланды.