Медицина • Кеше

Алматы облысында алғаш рет асқазанға тың әдіспен ота жасалды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында алғаш рет бариатриялық-метаболикалық ота жасалды. Аймақ үшін маңызды бұл жоғары технологиялық хирургиялық ем-шара Іле орталық аудандық ауруханасында өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында алғаш рет асқазанға тың әдіспен ота жасалды

Отаға медицина ғылымдарының докторы, Семіздік пен қант диабеті хирургиясы орталығының жетекшісі, профессор Орал Оспанов қатысты. Сондай-ақ операцияны Іле аудандық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Аңсат Таубалдиев және хирург Әділхан Карипбаев жүргізді.

Бариатриялық-метаболикалық операция — семіздікті және онымен байланысты ауруларды (әсіресе 2 типті қант диабетін) емдеуге арналған хирургиялық әдістердің жалпы атауы. Бұл операциялардың негізгі мақсаты салмақты тұрақты түрде азайту және зат алмасуды жақсарту болып саналады.

«Мұндай оталардың аудандық деңгейдегі ауруханаларда жасалуы – халыққа жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттырудағы маңызды қадам. Бұл емделушілерге тиімді әрі заманауи емді тұрғылықты жерінде алуға мүмкіндік береді. Іле аудандық ауруханасының кәсіби дайындығы мен заманауи хирургия бағыттарын дамытуға деген талпынысын ерекше атап өткім келеді», деді Орал Базарбайұлы.

Айта кету керек, медициналық қызмет толықтай міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында тегін көрсетілді. Бұл науқасқа қажетті және уақытылы жоғары білікті медициналық көмекті ешқандай қаржылық шығынсыз алуға мүмкіндік берді.

 

Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар