Сурет ашық дереккөзден алынды
Егер бір адам қарғаларға зиян келтірсе немесе үркітсе, құс оны жылдар бойы ұмытпайды. Тіпті сол ақпаратты өз қауымындағы басқа қарғаларға таратады. Зерттеу барысында бір ғалым қауіпті маска киіп құстарды үркіткен. Бірнеше жыл өткеннен кейін сол масканы тағы кигенде қарғалар бірден шулап, айналып, ескерту дабылын жасаған. Қызығы, керісінше де болады. Егер адам құсты тамақтандырса, жақсылық жасаса қарғалар оны да таниды. Кей аудандарда қарғалар таныс адамға ұсақ-түйек, жылтыр заттар әкеліп тастайтын жағдайлар да тіркелген. Бұл – алғыс білдірудің ерекше түрі.