АСТАНА. 24 маусым. Қызылорда облысы, Жалағаш аудандық ауруханасының бас дәрігері мемлекет қаржысын талан-таражға салғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламада Жалағаш аудандық прокуратурасы «Жалағаш аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны қызметінде мемлекеттен бөлінген қаражаттардың жұмсалу заңдылығына тексеру жүргізгені айтылған.
«Жүргізілген тексеру орталық ауруханының бас дәрігері А.-ның осы қызметте жүргенде мемлекеттен бөлінген 2 400 000 теңгені ұрлағанын анықтады. Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында А.-ның аурухананың бас есепшісі А.-мен алдын-ала сөз байласуы арқылы мемлекетке жалпы сомасы 19 640 463 теңге шығын келтіргені белгілі болды», — деді аудан прокуратурасы.
Тексеру қорытындысы бойынша аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері А.-ға қатысты Қылмыстық кодекстің баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданды.
«Аудандық прокуратурамен қозғалған қылмыстық іс сот органына жолданып, Жалағаш аудандық сотының 30 наурыз 2015 жылғы үкімімен жоғарыда аталған баптары бойынша бас дәрігер кінәлі деп танылып, мүлкі тәркілене отырып 5 (бес) жыл мерзiмге мемлекеттік мекемелерде басшылық лауазымдарды атқару құқығынан, 8 (сегіз) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды», – деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Талғат Райымбек.
Дерек: облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Сурет: egemen.kz.
• 24 Маусым, 2015
Жалағашта аурухананың бас дәрігері бюджеттен 20 млн. теңге жымқырған

14 мамырда бірқатар өңірлерде ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Депутат: Солтүстік Аралды сақтау жобасын жеделдету қажет
Экология • Кеше
Ағза алмастыруға мұқтаждар саны артқан
Қоғам • Кеше
Шахмат • Кеше
Мемлекет басшысы Түркия Президентін қарсы алды
Президент • Кеше
Қазақстанда инфляция қарқыны баяулады
Инфляция • Кеше
Теңгенің нығаюына қандай факторлар әсер етті?
Қаржы • Кеше
Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Қазақстан • Кеше
Ясауи іліміндегі рухани еркіндік
Таным • Кеше