Экономика • Бүгін, 14:40

Қыркүйек-қараша айларында қанша тонна астық экспортталды?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметінше, биыл қыркүйек айынан 13 қарашасына дейін жаңа егіннен 2,6 млн тонна астық экспортқа шығарылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қыркүйек-қараша айларында қанша тонна астық экспортталды?

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бұл көрсеткіш – 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жоғары, былтыр осы кезеңде 2,2 млн тонна астық тасымалданған еді.

Экспорт көлемі әсіресе көршілес елдерге бұрынғыдан да артқан.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, ең жоғары көрсеткіш Өзбекстан – 41% (872 мың тонннан 1 232 мың тоннаға дейін), Қырғызстан – 2,2 есе (32 мың тонннан 73 мың тоннаға дейін), Әзербайжан – 30% (50 мың тонннан 65 мың тоннаға дейін), Ауғанстан – 35% (100 мың тонннан 135 мың тоннаға дейін) елдері бағытында байқалып отыр.