Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп болжанады.
Түнде және күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 20 қарашада күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады, жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні 15-20 м/с қамтиды.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда 20 қарашада тұман түседі, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп болжанады.
Түнде және танертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-18 м/с қамтиды.
Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, батысында тұман болады.
Түнде және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсу ықтималдылығы жоғары. Облыстың шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүсік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Қостанайда 20 қарашада таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, түнде және таңертең тұман болады, сондай-ақ жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса жел соғады, түндегі екпіні – 15-20 м/с. Оралда 20 қарашада тұман түсіп, оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің түндегі екпіні 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болады.
Абай облысында солтүстігінде, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.
20-21 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп болжанады. 20 қарашада оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Таразда 20-21 қарашада кей уақыттарда тұман болады.
Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп болжанады.
20 қарашада Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні – 15-20 м/с.