ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сенсек, өңір бойынша 325 учаскеде қар көшкіні жүруі мүмкін.
– Сол учаскелердің бойында 93 шақырым жол мен түрлі ғимараттар орналасқан. Егер көшкін жүрсе тұрғындардың өміріне қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан "112" қызметінен ескертулер жасалса, қауіп-қатерден аулақ болыңыздар және қар көшкіні қаупі бар жолдармен жүрмеңіздер, – деп ескертті құтқарушылар.
Айта кеткен жөн, облыс бойынша қар көшкіні қаупі бар кезең сәуір айына дейін созылады. Осы аралықта бұқара тауға шықпас бұрын ауа райы жағдайын қатаң ескеруі қажет.