Аймақтар • Бүгін, 15:15

Танымал шетелдік фотограф Маңғыстаудағы туристік нысандарды әлемге танытты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде миллион жазылушысы бар шетелдік танымал фотограф Макс Райв Қарынжарық ойпаты мен Боқты тауын суретке түсіріп, жеке парақшасына жариялаған, деп хабарлайды Egemen.kz

Танымал шетелдік фотограф Маңғыстаудағы туристік нысандарды әлемге танытты

Макс Райв төрткүл әлемдегі таңғажайып табиғат пейзаждарын суретке түсіріп, өзінің арнайы сайтына жариялайды. Оның ішінде Қазақстанға арналған бөлім бар. Бұл сайттағы суреттердің басым көпшілігінде Маңғыстаудың туристік орындары көрініс тауыпты. Олардың қатарында Қарынжарық ойпаты, Боқты тауы және Бозжыра шатқалы бар.

ж

Қарынжарық ойпаты Маңғыстау облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Үстірт қорығы аумағында, Қарақия ауданындағы Аққұдық ауылынан шығысқа қарай 24,4 шақырым және Басғұрлы ойпатынан шығысқа қарай 72,2 шақырым жерде орналасқан. Бұл ойпат шамамен 70 миллион жыл бұрын күшті вулкандық жарылыс нәтижесінде пайда болған. Үстірттің оңтүстігінен батысқа қарай аймақтағы ең ауқымды Кендірлі соры жатыр. Сорға Өнере жұрнақ тауларынан ағатын Өнере бұлағы құяды.

б

Боқты тауы теңіз деңгейінен 8 метр биіктікте орналасқан. Шөгінді тау трапеция өлшемімен және қабаттарының сан алуан түсімен ерекшеленеді. Тау жыныстарының әртүрлі қабаты айқын көрінеді, етек жағы ақ, сарғыш болып басталып, қызғылт, қызыл реңге алмасады. Ал ортаңғы жағынан жоғары қарай бірден қоңыр түске ауысады. Ол үздіксіз жел мен эрозияның әсерінен бүгінгі бейнесіне ие болған.

Ғалымдардың айтуынша, Бозжыра шатқалы миллиондаған жылдар бұрын тау түзілімдерінің бұзылуынан пайда болған. Әктастан құралған үстірт ландшафты, биіктігі 250 метрге дейін жететін жартастармен ерекшеленеді.