Апаттардың басты себебі – жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтамауы.
Қайғылы жол апаттары азаймай отырған бұл трассаға бүгін Ақтөбе облысы полиция департаментінің басшысы Абай Жусупов жұмыс сапарымен шығып, жолдағы жағдаймен жеке танысты. Ол жүргізушілермен, әсіресе жолаушылар тасымалдайтын автобус, такси жүргізушілерімен, жүк көлігін басқарушылармен сөйлесіп, жүргізушілік тәртіп пен қауіпсіздік ережелерін еске салды. Сонымен қатар, полиция басшысы олардың жол сапасына, қозғалысты ұйымдастыруға және ақпараттық белгілерге қатысты ұсыныстары мен ескертулерін де тыңдады.
«Бұл жол учаскесінде жол-көлік оқиғаларының басты себебі – жүргізушілердің қарсы бағытқа шығуы, жылдамдықты асыруы және арақашықтықты сақтамауы. Біз өз тарапымыздан азаматтардың қауіпсіздігі үшін ең тиімді, әсері бар деген шаралардың барлығын қабылдап жатырмыз. Мысалы, патрульдік жасақтардың тығыздығы артты, жасырын бақылау күшейтілді, жолдың уақытша тарылту тәсілі, дрондармен бақылау қолданылады. Дегенмен, жүргізушілік тәртіп болмаса, ешбір шарамен оң нәтижеге жету мүмкін емес», деді Абай Жүсіпов жүргізушілерге.

Сапар барысында полиция басшысы жолдағы патрульдік полиция нарядтарының жұмысын, блок-бекеттің қызметін тексерді.

Бүгінгі күні Самара-Шымкент автожолында стационарлық полиция бекеттері жұмыс істеп тұр, олар жол ережелерінің сақталуын бақылап, қауіп туындаған жағдайда жедел әрекет етеді. Бұл ретте, апатты жағдай туғызушылар әуе арқылы да анықтап жатыр. Дрондар, әсіресе, басып осу ережелерін бұзған, қарсы бағытқа шыққан жүргізушілерді анықтап жатыр.