Қоғам • Бүгін, 17:36

Астанада мектеп оқушысы «Ақылды шлагбаум» ойлап тапты

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жобаны жасап шыққан – бас шаһардың №111 жалпы орта мектебінің 5-сынып оқушысы Әлихан Төлебай, деп жазады Egemen.kz.

Астанада мектеп оқушысы «Ақылды шлагбаум» ойлап тапты

Фотолар: Елорда әкімдігінің ресми сайты

Көлік қозғалысын тиімді басқару – үлкен қалаларда, оның ішінде білім беру мекемелері үшін де маңызды міндеттердің бірі екені мәлім. Ал уақытты үнемдеп, қауіпсіздікті арттыратын «Ақылды шлагбаум» көлік жақындағанда өзі ашылады.

Оқушының өз қолымен құрастырған инновациялық әрі пайдалы жобасының ерекшелігі – шлагбаумға көлік жақындаған сәтте жүйе оны автоматты түрде таниды және кедергіні көтеріп, жүргізушінің бөгетсіз өтуіне мүмкіндік береді.

елорда әкімдігі

Бұл – оқу орны ауласына, тұрақтарға және жеке аумақтарға кіруді бақылау тұрғысында өте тиімді шешім екені даусыз.