Технология • Бүгін, 10:07

ChatGPT топтық чат ашты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

OpenAI енді пайдаланушыларға ChatGPT ішінде топ болып сөйлесуге жол ашты. Бұл қызмет достардың, әріптестердің, тіпті отбасының ортақ чатта жиналып, ой бөлісуіне, жоспар құруына және құжат дайындауына ыңғай жасайды, деп жазады Egemen.kz.

ChatGPT топтық чат ашты

Фото: Depositphotos.com/ЖИ

Жүйе қарапайым. Бір топта 20 адамға дейін отыруға болады. Әр адамның жеке баптаулары сол күйі сақталып, өзгелерге көрінбейді. Топқа шақыру арқылы қосылады. Жаңа чат ашқыңыз келсе, «Адамдар» белгісін басасыз немесе сілтеме жібересіз. Қатысушылар өз аты мен суретін қойып, шағын профиль жасап алады.

Қызығы, қолданыстағы чатқа жаңа адам қосылса, жүйе оны бөлек әңгімеге шығарады. Бұрынғы чат сол күйі сақталады. ChatGPT топта не болып жатқанын бақылап, араласпайды. Егер нақты жауап керек болса, қатысушылар ChatGPT деген белгіні қояды.

«Топтық чаттар ChatGPT жүйесін адамдар бірігіп жұмыс істейтін кеңістікке айналдырудың алғашқы қадамы», деді OpenAI.