Сенат енгізген түзетулер аясында өңірлерге берілетін субвенциялар көлемі 17,5 млрд теңгеге ұлғайтылды. Сонымен қатар 2026 жылы өңірлерді дамытуға қосымша 28,5 млрд теңге бағытталады. Бұл қаржы жылу және электр энергиясы салаларын, газбен жабдықтауды, жағалауды нығайту жұмыстарын және басқа да бағыттарды қамтиды.
Бұл түзетулер республикалық бюджет жобасы параметрлерінің теңгерімділігін бұзбайды және өңірлер мен экономиканың тұрақты дамуына бағытталған.
Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын екінші оқылымда қабылдаған еді.