ТАРАЗ. 20 ақпан. Тараз қаласында күкірт қышқылы құйылған вагондардың темір жолдан шығып кетуіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Жамбыл облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз хатшысы Сәуле Мұнатаева хабарлады.
Оқиға облыс аумағындағы Шайқорық және Бурыл стансаларының арасында орын алған. Бұл стансалар Тараз қаласына таяқ тастам жерде. Күкірт қышқылы құйылған 7 цистерна теміржолдан шығып кетіп, оның үшеуі жанына аударылған. Осының нәтижесінде бір цистернадан белгісіз мөлшерде күкірт қышқылы төгілді.
Ресейден шыққан бұл пойыз Тараз қаласының іргесіндегі «Қазфосфат» кәсіпорнына баруы керек екен. «Қазфосфат» – минералды тыңайтқыштар шығаратын алып кәсіпорын. 44 вагонның 15 цистернасына күкірт қышқылы құйылған. Дәл қазір күкірт қышқылы төгілген жерде залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр. Арнайы құрылғылардың көмегімен түнгі сағат 04.15-те ішіндегі сұйықтығы төгілген цистерна орнынан қойылып, комиссияның тексеруі үшін зауыт стансасына жеткізілді.
Оқиға орнында облыстың төтенше жағдай жөніндегі қызметкерлері, өрт сөндірушілер, құтқару қызметі, облыстық, қалалық, аудандық әкімдіктердің қызметкерлері жұмыс істеуде.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, сурет: Жамбыл облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:04
Жетісу облысында Сиверс алма ағашы гүлдеді
Аймақтар • Кеше
Астанада «Мұз айдынындағы чемпиондар» шоуы өтті
Елорда • Кеше
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Лондонда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр
Спорт • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Кеше
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Кеше