БҰҰ болжамына сәйкес, 2050 жылға қарай азық-түлік өндірісі кем дегенде 50 пайызға артады. Осы сұранысқа үлес қосу мақсатында әріптес елдер ғылыми ресурстарды, ғылыми мектептер мен технологиялық мүмкіндіктерді біріктіре отырып, бірлескен инновацияларды іске асырмақшы. Озық технологияларды жедел енгізу, геоақпараттық жүйелер мен жасанды интеллект негізінде цифрлық шешімдерді дамыту, сондай-ақ мамандардың жаңа буынын даярлау үшін платформа құру да алда тұрған міндет.
ҰҒА президенті Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, көрме Қазақстан мен Ресейдің аграрлық саласындағы заманауи ғылыми жетістіктерді, инновациялық әзірлемелер мен практикалық шешімдерді көрсету үшін негізгі платформаға айналып отыр. Ғылым мен бизнестің өзара іс-қимылын нығайту, шикізат моделінен ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге, жоғары қосылған құны бар өнімдерді өндіру және тұрақты құн жасау тізбектерін қалыптастыруды мақсат етеді.
Көрме аясында ғалымдар өсімдіктердің генетикалық ресурстары мен тұқым шаруашылығы мәселелерін талқылады. Генетикалық әртүрлілікті сақтау және пайдалану, селекцияны дамыту және климаттық тәуекелдерді ескере отырып, жоғары өнімді және төзімді жаңа сорттарды құру бойынша бірлескен бастамалар қолдау тапты. Былтыр ҰҒА мен Ресей ғылым Академиясы Н.И. Вавилов атындағы Бүкілресейлік өсімдіктердің генетикалық ресурстары институтының федералды зерттеу орталығы коллекцияларымен алмасу туралы келісімге келді.
Ғалымдар өсімдік шаруашылығы және егіншілік –тұрақты егіншілік жүйелері, көміртекті технологиялар, геномдық селекция, цифрлықдәлме-дәл егіншілікплатформалары және алқаптардыгеоақпараттық бақылау, мал шаруашылығы және ветеринария–үлкен деректер аналитикасына сүйене отырып, жем-шөп өндірісіндегі инновациялар, жануарлардың денсаулығы, селекция және генетикалық бағыттағы зерттеулерге басты назар аударып отыр. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу–қосылған құнды арттыру технологиялары, органикалық және функционалдық азық-түлік өнімдерін, биоөнімдер мен экспорттық нарықтарға бағдарланған ингредиенттерді әзірлеу мен суды басқару ресурстары – суды үнемдеудің, құрғақшылықтың алдын алудың, тиімді суарудың және географиялық ақпараттық жүйе (ГИС) және жасанды интеллект үлгілеріне негізделген өзен бассейндерін басқарудың заманауи тәсілдерін енгізі мәселесі алаңдатады.
Осы ретте алдыңғы қатарлы технологиялар орталығы аясында басталған бірлескен жобаларға ерекше назар аударуға болады. Солардың ішінде – А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы орталығының базасында Ресей ғылым академиясымен әріптестік негізінде құрылған «Kaz Agro Carbon» «айна» көміртек полигоны бар. Полигон агроэкожүйелердегі көміртек теңгерімін өлшеу және модельдеу, шығарындыларды азайту және парниктік газдарды сіңіруді арттыру технологияларын әзірлеу үшін геоақпараттық технологияларды, қашықтықтан зондтауды және жасанды интеллект элементтерін қолданатын бірегей алаңға айналды.
Тағы бір маңызды жоба – биыл 1 желтоқсанда Қазақ көкөніс және жеміс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасындағы Мичурин бағы ашылып, онда Ресейден әкелінген 600-ден астам перспективалы жеміс дақылдарының сорттары отырғызылады. Бақ болашақ селекциялық бағдарламалар, бірлескен далалық генетикалық коллекция жасауға, жеміс өнімдерін терең қайта өңдеу бағыттарын дамытуға мүмкіндік береді.