Сурет ашық дереккөзден алынды
Жақында «Neiry» алғашқы биодрон-көгершіндерді көпшілікке көрсетті. Олар кәдімгі құс, тек арқасында шағын электронды рюкзак пен чиптен шығатын жұқа сым бар. Компания өкілдерінің айтуынша, нейрочип құстың миындағы бағыт таңдауға жауапты аймақтарды жеңіл стимулдайды. Көгершін өзін «оңға немесе солға ұшқысы келіп тұрғандай» сезінеді. Яғни оның табиғи әрекеті бұзылмайды. Инженерлер бұл технология құстың табиғи реакциясын күшейтетінін, оған зиян келтірмейтінін атап өтті. Арқасындағы рюкзакқа бейнекамера мен күн батареялары орнатылған.