Медицина • Бүгін, 16:55

Инфекциялық ауруларға шалдығатындар көбейді. Себебі неде?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы жылдары елімізде кей инфекциялық аурулармен сырқаттанушылар саны артқан. Ұлттық статистика бюросының 2019 және 2024 жылдар аралығында 100 мың тұрғынға шаққандағы жүргізген есебінше, көкжөтел жұқтырғандар – 19 есе, скарлатина ауруы – 5,4 есе, вирустық гепатит – 3,1 есе, қызылша – 2 есе көбейген, деп жазады Egemen.kz.

Инфекциялық ауруларға шалдығатындар көбейді. Себебі неде?

Фото: egemen.kz

Мамандардың айтуынша, инфекциялық ауруға шалдығатындардың басым бөлігі тиісті екпені салдырмағандар екен. 

Сонымен қатар елімізде баласына екпе салдыруға қарсы ата-аналар жыл өткен сайын көбейіп келеді. Мәселен, 2007 жылы 5300 ата-ана баласына екпе салдырудан бас тартса, өткен жылы олардың саны 20 700-ге жеткен. Ал биылдың өзінде 20 000 ата-ана екпеден бас тарту туралы өтінішті толтырған. 

Халықаралық ЮНИСЕФ ұйымының зерттеу дерегіне сай еліміздегі ата-аналардың 60%-ы мұндай шешімді нақты келеңсіз жағдайлардан кейін қабылдаған. 

Ал ересектердің 12%-ы діни себептерге байланысты екпе алмаған болса, тағы  12%-ы екпеге сенімсіздік танытқан. Респонденттердің 6%-ы екпеден бас тартуына әлеуметтік желідегі ақпараттар әсер еткенін мойындаған. 

Жұртшылық арасындағы екпеге қатысты теріс пайымдарды сейілту үшін Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы екпе салдыру ісі бойынша ресми онлайн-порталды іске қосқан. 

Порталда екпе әсері аутизм ауруын тудырмайтыны туралы ақпараттар жарияланады. Сондай-ақ екпеге қатысты көпшіліктің көкейіндегі сауалдарға жауап беру жүйесі жолға қойылған.