Фото:depositphotos.com
Айдың басты мерекесі – 16 желтоқсан, Тәуелсіздік күні
Айтулы күн биыл сейсенбіге сәйкес келіп тұрғандықтан отандастарымыз аптаның ортасында қосымша демалады. Бұл күн барлық азаматтар үшін ресми түрде жұмыс істемейтін күн.
31 желтоқсан – жұмыс күні
Бұл күн – жұмыс күні болып қала береді. Әлеуметтік желілерде 31 желтоқсанды ресми демалыс ету туралы пікірлер жиі айтылғанымен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл күн мемлекеттік мерекелер тізіміне кірмейтінін, сондықтан оны демалыс деп жариялау әзірге орынды емес екенін мәлімдеді.
Желтоқсандағы кәсіби мерекелер
Тәуелсіздік күнінен бөлек, желтоқсан айында отандастарымыз бірнеше кәсіби мерекені атап өтеді:
5 желтоқсан – Адвокатура күні,
6 желтоқсан – Прокуратура қызметкерлері күні,
13 желтоқсан – Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері күні,
20 желтоқсан – Қазақстанның Мемлекеттік фельдъегер қызметі күні,
22 желтоқсан – Энергетиктер күні және Архивист күні.