Экономика • Бүгін, 10:43

Kaspi.kz түркиялық банкті сатып алуға қатысты мәмілені кейінге қалдырды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Kaspi.kz түркиялық банкті сатып алуға қатысты мәміленің аяқталу мерзімін 2026 жылдың ортасына дейін шегерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Kaspi.kz түркиялық банкті сатып алуға қатысты мәмілені кейінге қалдырды

Фото: Ашық дереккөз

Айта кетейік, Kaspi.kz мәмілені 2025 жылдың екінші жартысында аяқтауды жоспарлаған болатын.

«Қажетті реттеуші рұқсаттар алынып, барлық стандартты жабу шарттары орындалған кезде ғана мәміле аяқталады. Біз оны 2026 жылдың ортасында жүзеге асырамыз», делінген хабарламада.

Еске салсақ, Kaspi.kz 2025 жылдың 27 наурызында Rabobank тобымен Түркиядағы Rabobank A.Ş. банкін сатып алу бойынша акцияларды сатуға арналған келісімге қол қойған. Rabobank A.Ş. – лицензияланған банк, оның қарыз алушылары немесе салымшылары, сондай-ақ филиал желісі жоқ.

Бұған дейін капитализация жағынан қаржы секторындағы көшбасшы Kaspi.kz екенін жазған едік.

2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Kaspi.kz негізгі акционерлерінің үлестері төмендегідей:

  • Михаил Ломтадзе – 22,51% ((Forbes Kazakhstan, 50 ең ықпалды кәсіпкерлердің 2024 тізімінде 6-шы орын);
  • Вячеслав Ким – 21,20% (2025 жылғы ең ықпалды кәсіпкерлердің рейтингінде 2-ші орын, 75 ең бай кәсіпкер рейтингінде 1-ші орын, активтері $7,1 млрд);
  • Baring Funds – 23,45%.