Іс-шараның құрметті қонағы, ұлттық киім мен сән саласында табысты еңбек етіп жүрген жергілікті кәсіпкер, халықаралық деңгейдегі ұлттық нақыштағы дизайнер, республикалық «Дәстүрге жол» қазақ аналары қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлфайруз Нұрабаева жасөспірімдермен жүздесуде ұлттық құндылықтарды дәріптеу тұрғысынан өз тәжірибесімен бөлісті.
Мәртебелі мейман өз шеберханасының жұмысымен таныстырып, дәстүрлі ұлттық киімдерден тұратын көркем дефиле ұсынды.
Кеш барысында оқушылар қазақтың төл өнерін насихаттап, күй тартып, дәстүрлі әндерді шырқады.
Жас оқырмандар дизайнерге қызықты сұрақтарын қойып, кең көлемде ақпарат алды. Сонымен қатар, тақырыпқа сай безендірілген кітап көрмесіне шолу жасалып, ұлттық мұраға қатысты құнды әдебиеттер таныстырылды.
Тараз