Экономика • Бүгін, 13:30

Теңге долларды ығыстырды: Депозиттегі ұлттық валюта үлесі күрт өсті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылдың қыркүйегіндегі жағдай бойынша еліміздегі жеке тұлғалардың депозиті 21,6 трлн теңгеге жетті. Бұл сома – өткен жылдағы көрсеткіштен 19,9 пайызға көп, деп жазады Egemen.kz.

Теңге долларды ығыстырды: Депозиттегі ұлттық валюта үлесі күрт өсті

Фото: kaz.zakon.kz

Ел азаматтары қаржысын ұлттық валютада жинай бастаған. Биыл бұл санат бойынша көрсеткіш 82%-ға жетіп, рекорд орнатып отыр.

Тарқата айтсақ, 5 жыл бұрын теңгемен қаржы жинайтындар үлесі – 55,4%, 10 жыл бұрын – 19,5% болған. Ал былтыр 80,4% депозит иелері ақшасын теңгемен топтаған. 

Шетел валютасымен қаржы жиятындар қатары 9,5%-ға артқан. 

Аймақтар бойынша салыстырсақ, Алматы – алда. Алматылықтардың депозиті 9 трлн теңгеге жетіп, барлық үлестің 42%-ын құрап отыр. 

2,7 трлн теңге топтаған астаналықтар – екінші орында. Елорда тұрғындарының үлесі жалпы депозит жинағының 12,5%-ын құраған.

Үздік бестікті Қарағанды ​​облысы (1,2 трлн. теңге), Шымкент (897 млрд. теңге) және Қостанай облысының (894,3 млрд. теңге) тұрғындары қорытындылаған.

Керісінше, ақшасын депозитте сақтамайтындардың басым бөлігі Ұлытау, Алматы және Жетісу облыстарында тұрады екен. 

Ал депозиттегі ақшаның көбеюі тұрғысынан да Алматы мен Астана көш бастап тұр.