Министрліктің мәліметінше, аналар өлімінің негізгі себептерінің бірі — әйелдердегі экстрагениталдық аурулар және жүктілікке алдын ала дайындықтың төмен болуы.
«Бағдарлама шеңберінде елімізде алғаш рет фертилдік жастағы, жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдер МӘМС аясында 12 негізгі медициналық тексеруден тегін өте алады. Егер тексеру барысында қандай да бір патология анықталса, оларға арнайы сауықтыру бағдарламалары ұсынылады. Қазіргі таңда Қазақстанда әйелдердің прегравидалдық дайындықпен қамтылу деңгейі 46,1%-ды құрап отыр», делінген хабарламада.
Мамандардың айтуынша, жүктілікті дұрыс жоспарлау болашақ ана мен нәрестенің денсаулығына төнетін қауіп-қатерді айтарлықтай төмендетеді.