Әлем • Бүгін, 11:20

Күн бетінде алапат жарылыс тудыра алатын энергия жинақталып жатқан болуы мүмкін

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жерге екі тәулік бұрын бет бұрған оңтүстік күн дақтары тобы биылғы жылы ең үлкен көлемге жеткен. Кешеннің жалпы аумағы бүгін таңертең 1600 бірлік болып өлшенді. Бұл көрсеткіш XXI ғасырдағы ең ірі дақтар топтарының шамамен 60%-ы (шамамен 2800 бірлік) болса да, 2025 жылдың мамырында тіркелген 1200 бірлік рекордын (аймақ №4079) бірден үштен бірге жаңартып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күн бетінде алапат жарылыс тудыра алатын энергия жинақталып жатқан болуы мүмкін

Фото: Astanatv.kz (архив)

АҚШ-тың Мұхит және атмосфералық зерттеулер ұлттық басқармасының (NOAA) астрономдары, дақтар топтарына нөмір беру үшін жауапты мамандар бүгін кешенді бірден үш топқа бөліп тастады.

Жалпы біріккен ауданды олар каталогта үш нөмірге бөлді: 4296 (сол жақтағы дақтар), 4294 (орталық дақтар) және 4298 (оң жақтағы дақтар). Соның салдарынан орталық 4294 тобы өз заңды аумағының үлкен бөлігінен «айырылып», каталогта бар болғаны 1100 бірлікке дейін қысқарды және формалды түрде енді жыл бойынша тек екінші орында тұр. Дегенмен көпшілік ертең ол өз көрсеткішін қайтарады деп сенімді. Бірақ NOAA мамандарының «жауап ретінде» тағы жаңа нөмірлер дайындап қойған болуы да әбден мүмкін. Қалай болғанда да, бұл әрекеттер кешеннің нақты жалпы көлеміне әсер етпейді.

Соңғы екі тәуліктің ең үлкен жұмбағы – осы орасан үлкен топтың тыныштығы. Бұл құбылыс өте түсініксіз. Қазір Күннің солтүстігінде орналасқан 4274 тобы (бүгін 4299 нөмірін алды) аумағы бар-жоғы 100 (!) бірлік бола тұра X класты жаңа жарқыл жасады. Ал алдыңғы рет Жер жаққа қарағанда аумағы 1100 бірлік болып, 5 X жарқыл тудырған еді. Ал оңтүстікте қалыптасқан, ауданы 1600 бірлік құрайтын биылғы ең ірі кешен соңғы бір күнде тек әлсіз С-деңгейлі бір ғана жарқылмен шектелді. Мұндай көлемде энергия қоры орасан болуы тиіс, бірақ ол қайда жұмсалып жатқаны белгісіз.