Аймақтар • Бүгін, 16:10

Атырау облысында қанша үкіметтік емес ұйым тіркелген?

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметіне сүйенсек, аймақта 892 үкіметтік емес ұйым бар. Демократиялық қоғамды алға жылжытуға атсалытатын мұндай ұйымның басым бөлігі Атырау қаласында жұмыс істейді. Қазір мұнайлы шаһарда 741 ұйым түрлі жобаны іске асырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Атырау облысында қанша үкіметтік емес ұйым тіркелген?

Бұдан кейінгі орында Жылыой ауданы тұр. Мұнда 54 үкіметтік емес ұйым тіркеліпті. Ал, Қызылқоға мен Исатай ауданында 19, Махамбетте – 17, Индерде – 16, Мақатта – 15, Құрманғазы ауданында 11 ұйым бар.

Бұл өңірде коммерциялық емес ұйымдардың тіркелгенін айту кету қажет. Оның ішінде 407 қоғамдық бірлестік, 284 қоғамдық қор, 18 заңды тұлғалар бірлестігі, 7 саяси партия, 10 діни бірлестік, 1 кәсіподақ бірлестігі белсенділігімен танылып жүр.

Биыл Атыраудан екі ұйым «Таңдау» республикалық сыйлығының жеңімпазы атанды. Оның бірі – Дулат Шыманов құрған «В-elsendi» қоғамдық қоры. Бұл қорға азаматтық қоғам институттарын нығайтуға қосқан үлесі үшін «Жастар бастамалары мен белсенділігі» номинациясы берілді.

Ал Алдан Асқар жетекшілік ететін «ҚазРоботикс» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы «Технологиялық инновациялар және цифрлық қоғам» номинациясын иеленді.