Ауа райы • Бүгін, 23:18

Қазақстанның үш өңірінде ауа райына байланысты жолдар уақытша жабылды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның үш облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның үш өңірінде ауа райына байланысты жолдар уақытша жабылды

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, 2 желтоқсан күні кешкі уақыттан бастап бірнеше бағытта уақытша жолдар жабылып, қозғалыс шектеулері күшіне енген.

Ақтөбе облысы

Сағат 19:30-дан бастап жүк және қоғамдық көліктер үшін Ресей шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – Қытай шекарасы бағытындағы жолдың 776-1240 шақырымдары («Экойл» ЖҚС-дан Қызылорда облысының шекарасына дейін) жабылды.

Жолдың қайта ашылуы 3 желтоқсанда 05:00-де күтіледі.

Павлодар облысы

Сағат 20:00-ден бастап барлық көлік түрлері үшін Павлодар – Шарбақты – Ресей шекарасы (Шарбақты өткізу бекеті) жолының 0-112 шақырымы уақытша жабылды.

Ашылу уақыты – 3 желтоқсан, 07:00.

Қызылорда облысы

Сағат 20:00-ден бастап жүк және қоғамдық көліктер үшін Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас бағытының 1240-1362 шақырымдары (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін) жабылды.

Шектеулер 3 желтоқсан, 05:00-ге дейін сақталады.

Ақмола облысы

Сағат 19:30-дан бастап Астана – Көкшетау – Петропавл – Ресей шекарасы бағытындағы жолдың 19-231 шақырымдарында (Щучинск – Астана бөлігі) барлық көлік үшін рұқсат етілген жылдамдық 110 км/сағ-тан 80 км/сағ-қа төмендетілді.

Жүргізушілерге сапарды жоспарлағанда ресми мәліметтерді назарда ұстау ұсынылады.