Фото: selectionsheremetyevo.cosmosgroup.ru
Ресей тарапы бірінші кезекте аумақтық мәселенің маңызын атап өтті.
«Кездесу барысында ортақ мәмілеге келе алмадық. Десе де америкалықтардың кей ұсыныстары азды-көпті қолайлы болып көрінді. Ал аталған ұсыныстар талқылауды қажет етеді», деді Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков.
Ол Путиннің Виткоффпен кездесуінде АҚШ-тың бейбітшілік жоспарының нақты тұжырымы емес, жалпы тақырып талқыланғанын атап өтті.
Осылайша Кремльде бес сағатқа созылған пікірталас нәтижелі аяқталмады.
Бұған дейін әлемдік БАҚ Украинаның тағдыры шешілетін сәт жақындағанын жарыса жазған еді.