Президент • Бүгін, 15:43

Президент Жабайхан Әбділдиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Мемлекеттік сыйлықтың, «Парасат» және ІІ, ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері Жабайхан Әбділдиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz.

Президент Жабайхан Әбділдиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

«Жабайхан Мүбәрәкұлы философия ілімінің өрісін кеңейткен күллі ғылым қоғамдастығына танымал ғалым, ұлтжанды тұлға еді. Ұстаздық жолында сүбелі еңбектер жазып, зерделі шәкірттер тәрбиеледі. Ел егемендігін нығайтуға елеулі үлес қосып, іргелі істерге белсене атсалысты», деп жазылған жеделхатта.

Ұлттық ғылым академиясының академигі және вице-президенті, Қазақстандағы диалектикалық логика мектебінің негізін қалаған, ғалым Жабайхан Мүбәрәкұлы Әбділдин 92 жасында дүниеден өтті.