Фото: Ашық дереккөз
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Алатау ауданы аумағында, Саин көшесінде болған. Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі солтүстік бағытта келе жатып, бұрылыс жасау кезінде Kia автокөлігімен қақтығысқан.
Апаттан екі көліктің де жүргізушілері мен жолаушылары зардап шеккен. Ал жедел жәрдем көлігіндегі 2002 жылы туған жас фельдшер бірнеше сағаттан кейін ауруханада көз жұмған.