Тағзым • Бүгін, 07:43

Болмысы биік тұлға

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғалым ұзақ жыл бойы Фи­ло­софия және құ­қық инс­ти­тутына басшы­лық етті.

Болмысы биік тұлға

Сурет: baimedia.kz

Отан-дық гумани­тар­лық ғы­лымның, оның ішінде қазақ фило­со­фия­сының дамуы­на өлшеусіз үлес қосқан бірегей тұлға жас ғалымдарды тәрбиелеуге, жаңа ғылыми идея­лардың қалыптасуына зор үлес қосты. Ғалымның қа­ламынан туған «Гегель фило­­софиясындағы бас­тама мәселесі», «Канттың ло­гикалық ілімі», «Нақты ғы­лымдардың логи­касы мен методологиясы» сияқты ең­­бектері философиялық ой­дың алтын қорына енді. Ол тәуелсіз Қазақстанның Парламент Сенатының депутаты ретінде еліміздің заң шығару саласына зор еңбек сіңірді.

Жабайхан Мүбәрәк­ұлы­ның терең парасаты, ұстаздық болмысы, ғылымға деген адал­дығы мен қайсар еңбегі әріп­тестеріне үлгі болды.

Марқұмның жаны жән­натта, жатқан жері жайлы болсын.

Отбасы мен жақындарына сабыр, төзім және күш-қуат тілейміз.

 

Айгүл СәДуақАСОВА,

Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры