Тағзым • Бүгін, 07:48

Жабайхан Мүбәрәкұлы ӘБДІЛДИН

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Философия, сая­­саттану және дін­тану институ­ты­ның ұжымы көр­некті қоғам қай­рат­кері, әлем­дік деңгейдегі ға­лым, философия ғылымдарының док­торы, профессор, Қазақстан Рес­­­пуб­ликасы Ұлт­тық ғылым ака­­­де­миясының академигі Жабай­хан Мүбәрәкұлы Әбділ­диннің өмірден озуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Жабайхан Мүбәрәкұлы ӘБДІЛДИН

Жабайхан Мүбәрәкұлы – қазақ ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосқан, отандық философия мектебінің жаңа бағыттарын қалыптастырған, ғылыми ойдың биік деңгейін айқындаған аса көрнекті тұлға. Оның басшылығымен жүзеге асқан іргелі еңбектер, соның ішінде «Диалектикалық логика» сияқты көптомдық зерттеулер еліміздің ғылымы тарихында өшпес мұра болып қалды.

Ол ұзақ жылдар бойы біздің институтқа басшылық етіп, қазақстандық философияның өркендеуіне жол ашты, жас ғалым­дарды тәрбиелеуге және жаңа ғылыми идеялардың қалып­тасуына зор үлес қосты. Марқұмның терең парасаты, ұс­таздық болмысы, ғылымға деген адал­дығы мен қай­сар еңбегі барша әріптестеріне үлгі болды.

Жабайхан Мүбәрәкұлының ғалым ғана емес, мемлекет және қоғам қайраткері ретінде атқарған ерен еңбегі әрдайым құрметпен еске алынады. Оның саналы ғұмырын арнап, соңында қалдырған мол рухани-ғылыми мұрасы келер ұрпаққа қызмет ете бермек. Осындай асыл азаматтың қазасы – оның отбасының ғана емес, бүкіл ғылыми қоғамдастықтың ортақ қайғысы.

Марқұмның жаны жәннатта, жатқан жері жайлы болсын. Отбасы мен жақындарына са­быр, төзім және күш-қуат тілейміз.

 

Философия, саясаттану және дінтану институтының ұжымы